Лос-Анджелесте 2014 жылы үздік деп танылған әртістер марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте 2014 жылдың қорытындысы бойынша «People's Choice Awards» («Халық таңдауы») сыйлығының жеңімпаздары анықталды.
Жұлдыздарға «Американың халық әртістері» атануға лайық деп танылуға мүмкіндік беретін 41-ші марапаттау рәсімі Nokia театрында өтті. «Малефисента» (Maleficent) ертегісі үздік фильм атанды. Онда басты рөлді Анджелина Джоли сомдаған. Сонымен қатар бұл картина отбасымен бірге көруге арналған үздік лента атанды. Дженнифер Лоуренс жыл актрисасы атанды, сонымен қатар ол «экшн» жанрындағы фильмнің үздік актрисасы болды. Ал кіші Роберт Дауниге үздік актер және үздік драмалық актер болу мәртебесі бұйырды. Көрермендер үздік драмалық актриса ретінде Хлою Грейс Морецті таңдады. «Үздік комедиялық актриса» аталымын Мелисса Маккарти олжалады, ал ерлер арасында мұндай сыйлыққа Адам Сэндлер ие болды. People's Choice Awards сыйлығы 1975 жылдан бастап жыл сайын 40-тан астам аталым бойынша беріледі, деп хабарлады ТАСС.