Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лос-Анджелесте 74-ші «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Голливуд жұлдыздары «Алтын глобус» сыйлығының 74-ші табыстау рәсімі басталған Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) The Beverly Hilton Hotel қонақ үйіне жиналды.

 Лос-Анджелесте 74-ші «Алтын глобус» сыйлығын табыстау рәсімі басталды

NBC телеарнасы шараны тікелей эфирде жүргізуде.

Бұл жыл сайын Голливудта аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығы тағайындайтын, атақ жағынан «Оскарға» ғана жол беретін сыйлық. Жүлде өткен жылдың үздік кинематографы мен телебағдарламаларын қамтитын жиырмадан астам санатта беріледі.

Әзірге америкалық режиссер Дэмьен Шазеллдың "Ла-Ла Ленд" (La La Land) трагикомедиясы және Барри Дженкинстің "Айдың нұры" (Moonlight) драмасы көш бастап тұр.