Лос-Анджелесте ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына кімдер барады

АСТАНА. KAZINFORM - Ауыр атлетикадан 27 қазан - 8 қараша күндері аралығында Қытайдың Нинбо қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Тәризм және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясы.

Лос-Анджелесте ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына кімдер барады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алдағы жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына (LA28) іріктеудің алғашқы ресми кезеңі болмақ. Сондай-ақ әлем чемпионаты жаңартылған салмақ бойынша ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Ерлер:

75 келі. Петр Хребтов
85 келі. Едіге Емберді, Алексей Чуркин
95 келі. Нұрғиса Әділетұлы
110 келі. Артем Антропов

Әйелдер:

77 келі. Аянат Жұмағали
+86 келі. Любовь Ковальчук

Осыған дейін спорттық гимнастикадан Роттердамдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтындар туралы жазды.