Лос-Анджелесте Калифорния орманын өртеді деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Калифорнияның Калабасас және Хидден-Хиллс қалаларында тез тараған өртті әдейі өртеу дерегі тергеу жүріп жатыр, бір күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Лос-Анджелесте Калифорния орманын өртеді деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды
Фото: radaronline.com/MEGA

«Кеннет» өрті Батыс төбешіктері арқылы тез таралып, Лос-Анджелес аймағында жанып жатқан «Палисейдс» және «Итонмен» бірге үш ірі өрттің бірі болды.

Қаза тапқандар саны 10 адамға жетіп, 10 мыңнан астам ғимарат қираған.

Лос-Анджелес полициясы қасақана өртеді деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады. Атап өтілгендей, 911 нөміріне жергілікті тұрғын телефон шалып, сағат 16:30-да 21700-ші кварталды өртемек болған күдікті ер адам туралы хабарлады. Күдікті Вудленд-Хиллзта ұсталды. Ол 30 жастағы қаңғыбас азамат болып шықты.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі кезде полицейлер қасақана өртеу туралы нұсқаны қарастырып жатыр.

Сонымен қатар қылмыс болған жерге кіру өртке байланысты жабық болғандықтан, тергеу әрекеттері қиындап кетті.

Айта кетейік, Байден Калифорниядағы өртті штат тарихындағы ең жойқын деп атады.

 

Соңғы жаңалықтар