Лос-Анджелесте «Оскар» киносыйлығына үміткерлер белгілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық кинөнері академиясы бейсенбі күні әлемдегі ең беделді «Оскар» сыйлығына үміткерлерді жариялайды. Бұл шара неғұрлым лайықты бәсекелестерді іріктеудің алдын ала кезеңін аяқтайды және олардың құрметті сыйлық үшін додасын бастап береді. Маусымның шарықтау шегі ақпан айының соңында жеңімпаздарға марапаттарды тапсыру салтанаты болмақ, деп хабарлады ТАСС.

Лос-Анджелесте «Оскар» киносыйлығына үміткерлер  белгілі болады

Беверли-Хилз ауданындағы Самуэль Голдуин театрында (астана уақытымен 19:30) сыйлыққа үміткерлерді американдық киноакадемиктердің президенті Шерил Бун Айзекс пен мексикалық режиссер Гильермо дел Торо, американдық актер Джон Красински, сондай-ақ даңқты тайвань режиссері Энг Ли жариялайды. Академия үміткерлердің толық тізімін және салтанатты сәтті өзінің ресми вэб-сайтында таратуға уәде берді. .

Академиядан ТАСС тілшісіне хабарлағандай, Лос-Анджелестің Беверли-Хиллз ауданындағы шарада «Оскар» иегерлері 25 ақпанда белгілі болады. Сыйлықтарды 88-ші рет тапсыру рәсімі Dolby театрында өтеді және АВС телекомпаниясы әлемнің 225 елінде таратады.