Лос-Анджелесте «Оскар» жүлдесіне үміткер номинанттардың тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Лос-Анджелесте «Оскар» жүлдесіне номинанттардың тізімі белгілі болды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Салтанатты шараны ABC телеканалы трансляциялады.
2024 жылғы «Үздік фильмдер» жүлдесі санатына «Анатомия падения», «Барби», «Прошлые жизни», «Убийцы цветочной луны», «Оставленные», «Оппенгеймер», «Маэстро», «Бедные-несчастные», «Зона интересов», «Американское чтиво» сынды картиналар енген.
«Маэстро» кинокартинасы «Оскар» жүлдесінің «Үздік бірегей сценарий» номининациясына ұсынылды. Сондай-ақ «Оставленные», «Прошлые жизни», «Анатомия падения», «Май, декабрь» фильмдері де осы санаттағы жүлдеге үміткер ретінде тізімге кірген.
«Үздік бейімделген сценарий» номинациясына «Американское чтиво», «Оппенгеймер», «Барби», «Бедные-несчастные», «Зона интересов» картиналары лайық деп танылған.
Кинопремияның «Үздік анимациялық фильм» номинациясына «Мальчик и птица» картинасы таңдалған. Аталмыш категорияға сондай-ақ «Человек-паук: Паутина вселенных», «Элементарно», «Заветное желание», «Нимона» сынды туындылар үміткер екені хабарланды.
Американың Киноөнер академиясының баспасөз қызметі бұған дейін «Оскар» премиясының 96-шы құттықтау салтанаты 2024 жылдың 10 наурызында Лос-Анджелестің Dolby кинотеатрында өтетінін хабарлаған болатын. Әзілкеш Джимми Киммел жүргізетіні айтылған.