Лос-Анджелесте робот күдіктінің мылтығын тартып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ланкастерде (Лос-Анджелес округі) полицейлер күдіктіден қаруды тартып алу үшін роботты пайдаланды. Бұл туралы Los Andgeles Times жазды.
8 қыркүйектің кешінде тонау және біреуді өлтіруге әрекеттену бойынша күдікті Брок Рэй Бангті полицейлер Антелоп Вэлли кентінің шетінде арыққа жасырынғанын байқаған.
Онымен келіссөздер 6 сағаттан астам уақыт жүргізілді, алайда қаруланған күдікті күрессіз берілуге келіспеді. Сөйтіп полицейлер Andros роботын - минаны залалсыздандыруға қолданылатын қашықтықтан басқарылатын роботты пайдалануға бел буды.
Полицейлер күдіктінің назарын өзіне аудартып, тікұшақ гүрілінен күшейген сәтте робот оның қаруын тартып алған.
«Ол роботтың жақындап қаруын тартып алғанын сезбей қалды», - деді капитан Джек Эвелл.
Полицейлер роботтан қаруды алып, оны күдікті жасырынған жердегі сымды бұзу үшін жіберді. Қарусыз қалған күдікті полицияға қарсылықсыз берілуге мәжбүр болды.