Лос-Анджелесте ұрылар Энди Уорхолдың 9 картинасын ауыстырып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелестегі кинокомпанияның кеңсесінен Энди Уорхолдың тоғыз картинасы ұрланып, жасанды картиналарға ауыстырылған, деп хабарлайды ВВС.

Лос-Анджелесте ұрылар Энди Уорхолдың 9 картинасын ауыстырып кеткен

Уорхолдың қолтаңбасы бар ұрланған жібек үстіне салынған принттер мен бедерлемелер «Жиырмасыншы ғасыр еврейлерінің он портреті» (1980) және «Жоғалуға жақын түрлер» (1983) топтамаларына жатқызылған. Олардың құны шамамен 350 мың долларды құрайды.

Ұрлық бірнеше жыл бойы байқалмаған, себебі Уорхолдың жұмыстары жалған картиналарға ауыстырылды. Қылмыс жайлы туындылардың бірінің жақтауын ауыстыруға жіберілгеннен кейін ғана белгілі болды. Мамандар онда суретші қолтаңбасының жоқ екенін анықтады.