Лос-Анджелестегі өрт құрбандарының саны 25 адамға жетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Палисейдсте өрттен 9, Итонда 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform CNN-ге сілтеме жасап.

Лос-Анджелестегі өрт құрбандарының саны 25 адамға жетті
Фото: Х / Huzaifa_Says11

Калифорниядағы жаппай орман өртінен қаза тапқандар саны 25 адамға жетті.

Оңтүстік Калифорния Санта-Ана желінен туындаған «өрт шығу қаупі жоғары жағдайға» дайын. 

Бұған дейін Калифорниядағы өрт салдарынан 24 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. 

Орман өрті Лос-Анджелестің үлкен аймағында 40 мың акр (16 200 га) жерді өртеп, бүтін елді мекендер мен 12 300-ден астам құрылысты қиратты.

Лос-Анджелестің 92 мың тұрғыны үшін эвакуация туралы бұйрық берілді, ал 89 мың адам эвакуация туралы ескерту аймақтарында орналасқан, олар қаланы бір сәтте тастап кетуге дайын. 

Соңғы жаңалықтар