Лос-Анджелестегі Головкиннің жанкүйерлері сүйікті спортшысына қолдау көрсетуге жиналып жатыр (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санаулы сәттерден кейін WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жегі басталады, деп жазады Sports.kz.
Ал Лос-Анджелестегі Головкиннің жанкүйерлері сүйікті спортшысына қолдау көрсетуге жиналып жатыр. Сәт сайын олардың саны артуда.
Айта кетейік, жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, жанкүйерлер кездесуді «Қазмедиа Орталығының» лэд-экрандарынан тамашалай алады.