Лос-анджелестік сыншылар онжылдықтың үздік фильмдерін атады

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Американдық киноиндустрияның ең ықпалды кәсіби одақтарының бірі болып табылатын Лос-Анджелестің Киносыншылар қауымдастығы онжылдықтың үздік фильмдерінің тізімін жариялады. Бірінші орынды режиссер Дэвид Линч түсірген «Малхолланд драйві» фильмі иеленді,

Лос-анджелестік сыншылар онжылдықтың үздік фильмдерін атады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, үздік ондыққа келесі картиналар енді: «Мұнай» - режиссері Пол Томас Андерсон, «Өрелі ойдың мәңгілік шұғыласы» - режиссері Мишель Гондри, «Бүкір тау» - режиссері Энг Ли, «Қарттарға мұнда орын жоқ» - режиссері Итан және Джоэл Коэндер, «Зодиак» - режиссер Дэвид Финчер, «Бір және екі» - режиссері Эдвард Янг, «4 ай, 3 апта, 2 күн» - режиссері Кристиан Мунджиу, «Шығыршықтар әміршісі» - режиссері Питер Джексон , «Елестер жетегінде» - режиссері Хайао Миядзаки, «Жоғалған рейс» - режиссері Пол Гринграсс, «Сенің анаңмен бірге» - режиссері Альфонсо Куарон және «Жолдың жағасында» - режиссері Александр Пэйн.

Онжылдықтың үздік картиналарын таңдауға лос-анджелестік Киносыншылар қауымдастығының 40-тан астам мүшелері қатысты. Оларға конкурсқа жіберілген 189 фильмнің ішінен таңдап алуға тура келді.