Лотереядағы алаяқтығы үшін бағдарлама жасаушы 25 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Штатаралық лотерея қауымдастығының бұрынғы бағдарламашысы Эдди Типтон лотерея билеттері арқылы жасаған алаяқтығынан соң сот шешімімен 25 жылға бас бостандығынан айырылды. 
None
None

Ол келтірген шығын 2 млн долларды құраған. Бұл туралы Fox News арнасы хабарлады.

Айыптауларға сәйкес, Типтон сандардың түсуін болжайтын код ойлап тапқан. Сол арқылы ұтыс нөмірлерін алдын ала біліп, таныстарына хабарлап отырады. Ұтыстан кейін олар ақшаны өзара бөліп алатын болған.

Нәтижесінде, бағдарлама жасаушы 14 млн доллар ұтысын алуға келген кезде оны тұтқындады. Типтон бар кінәсін мойындап отыр. Енді ол заңсыз түрде тапқан бар ақшасын қайтаруы тиіс.  

Соңғы жаңалықтар