Лотереядан 185 млн рубль ұтып алған адам табылмай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сібірдің белгісіз тұрғыны ресейлік лоторея тарихында ең ірі ұтыстың иесі болды. Ол 184,5 млн руб ұтып алған.

Лотереядан 185 млн рубль ұтып алған адам табылмай жатыр

Лотерея ұйымдастырушылар хабарлағандай, 184 млн 513 мың 482 рубль ұтып алған адам - Сібір федералдық округінің тұрғыны.

Ұтыс дүйсенбі, 10 ақпанда лотереяның 735-ші таралымы барысында болған. Жеңімпаздың аты-жөні, тұратын жері әзірге белгісіз, себебі ұтысын алуға әлі ешкім келмеген, деп хабарлады "НГС.Новости".