08:52, 31 Мамыр 2014 | GMT +5
Лотореядан ұтқан француз 50 млн. еуроны қайырымдылыққа жұмсамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - EuroMillions лотореясында 72 млн. еуро ұтқан Франция тұрғыны ұтқан қаржысының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ. Шетелдік БАҚ хабарлағандай, ер адам 50 млн. еуроны қайырымдылықпен айналысатын 10 мекемеге бөліп береді.
72 млн. еуро ұтқан ер адам жайлы ақпарат аз. Лоторея ұтысын ұйымдастырушылардан түскен мәліметке қарағанда, ол тек өзінің 50 жаста және баласы жоқ екендігін айтуға ғана рұқсат берген. Отбасылық жағдайы туралы да айтылмаған.
Бұл ұтыс 2014 жылдың ақпан айларында өткен, алайда ол қаражатты не істеу керек екендігін ер адам енді ғана шешсе керек.