Лоян қаласында әлемдегі ең ірі жел диірмені көрмесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Лоян (Хэнань провинциясы, Орталық Қытай) қаласында жыл сайын өтетін 33-ші Мәдени сәлдегүл фестивалінің аясында әлемдегі ең ауқымды жел диірмені көрмесі өтеді.
Келушілер әр түрлі мөлшердегі 300 мың жел диірменін көретін болады, деп хабарлайды Синьхуа.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген 200 мың жел диірмені орнатылған шанхайлық Happy Valley ойын-сауық бағын басып озады.
Бұдан басқа, көрмеге арнап арнайы ағаштан жасалған 10 голландиялық жел диірмені әзірленді, сондай-ақ 100-ден астам мультипликациялық кейіпкер бар.
Көрме жұмысы 4 сәуірден 10 мамырға дейін жалғасады.