Лозаннада Олимпиада-2022-ге үміткер Алматы және Бейжіңнің таныстырылымы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитеті атқарушы комитетінің кезекті отырысы жексенбіде осы ұйымның швейцариялық Лозанна қаласындағы штаб-пәтерде өтеді.

Лозаннада Олимпиада-2022-ге үміткер Алматы және Бейжіңнің таныстырылымы өтеді

Атқарушы комитет мүшелері (ХОК) түрлі үйлестіруші комиссиялары өкілдерінің және Рио-до-Жанейрода 2016 жылы, 2020 жылы Токиода жазғы Олимпиадалық ойындар, Пхенчханда 2018 жылы өтетін қысқы Олимпиада, алдағы жылы ақпанда норвегиялық Лиллехаммерде өтетін қысқы Жасөспірімдер ойындары - ірі жарыстарының ұйымдастырушыларының баяндамалары тыңдалып, талқыланады.

9 маусымда Лозаннаның Олимпиада мұражайында Алматы (Қазақстан) және Бейжің (Қытай) - 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыруға кандидат қалалардың өкілдерінің қатысуымен ХОК отырысы өтеді. Олар комиссия мүшелеріне өз бағдарламаларын ұсына алады. 10 маусымда Алматы мен Бейжің Лозаннаның қонақүйлерінің бірінде тұсаукесерін өткізеді. 2022-Ойынына астана таңдауға дауыс беру 31 шілдеде Куала-Лумпурде (Малайзия) ХОК сессиясында ұйымдастырылады.