LRT құрылысы: Астанада Сығанақ, Түркістан көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады

LRT құрылысы: Сығанақ, Түркістан көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Бүгінде LRT желісінің барлық объектісінде қызу жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар көлік жүргізушілері үшін жол қозғалысы қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Kazinform.

«Барлық учаске бойынша жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр. Оның ішінде свайлар, ростверк, эстакада және станция темірбетон конструкцияларының құрылыс жұмыстары. LRT желісі бірнеше даңғылды кесіп өтетін болғандықтан монолитті аркалардың құрылысы қарастырылды. Тәуелсіздік даңғылы мен Ш.Қалдаяқов көшесінің қиылысында уақытша қойылған өткел 25 қазаннан бастап қайта ашылды. Бүгінде Сауран, Ақмешіт, Түркістан көшелерінің қиылысында жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Сығанақ даңғылы бойынша «Номад» тұрғын үй кешенінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектелген. Ол жұмысты 30 қарашаға дейін аяқтап, қозғалысты ашу жоспарланып отыр», - деді Астана қаласы әкімдігінен Kazinform тілшісінің жолдаған сауалына.

Сондай-ақ әкімдік LRT желісі құрылысын 2024 жылы аяқтау керектігін айта келе, астаналықтарға қолайсыздықтар тудырғанын айтып отыр.

«Одан бөлек Ақмешіт қиылысындағы уақытша арка аяқталу сатысында. Абу-Даби Плазаның алдында ғимаратқа тікелей қосылатын станция салу қарастырылған. Іргетасы құйылып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейін Қабанбай батыр, Сығанақ, Қалдаяқов және А82 көшелеріндегі LRT желісінің барлық учаскесінде жүргізіліп жатыр», - дейді әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар