LRT құрылысына алғашқы рельс төселді

АСТАНА. KAZINFORM - LRT тәжірибелік бөлігінде жарты шақырым рельс төселді. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

строительство LRT в Астане
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

— № 116 және № 117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 м төсеу аяқталды. Бұл сынақ кезеңі қысқы ауа-райының LRT жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады. Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді — делінген компания хабарламасында.

Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Компанның мәліметіне қарағанда стандартты жол ені — 1 435 мм, халықаралық стандарттармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерінің дыбысы мен дірілді азайтады. Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді

Жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады.

Эстакада рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланған.

Еске салсақ, LRT станцияларындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғаны туралы хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар