05:45, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
ЛРТ құрылысына байланысты Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 29 қыркүйектен бастап бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .
ЛРТ желісінің құрылысы аумағын дайындау аясында инженерлік желілерді қайта жүргізу және Сығанақ пен Қалдаяқов көшесі жолдарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты кейбір аумақтарда толық және жартылай жол қозғалысына шектеу қойылады.
29 қыркүйектен 2017 жылдың соңына дейін Сығанақ көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін жол жартылай жабық болады.
29 қыркүйектен 10 қазанға дейін Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов қиылысында көлік қозғалысына толық шектеу қойылады.
29 қыркүйектен 2017 жылдың соңына дейін Қалдаяқов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейін және М-3 көпіріне дейін жартылай шектеу қойылады.