LRT іске қосылғаннан бері жолаушылар саны 180 мыңға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Кеше 100 мың жолаушы LRT-мен жүріп өткен. Бұл жобалық өткізу мүмкіндігінен жоғары. Бұл туралы CTS Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев айтты.

ч
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Оның сөзінше, қазір жолаушылар ағыны екі есе азайды.

— Өздеріңіз білетіндей, LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жүреді. Сол себепті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Өйткені кейбір әрекеттер пойыздардың тоқтауына әкелуі мүмкін. Бүгін ешқандай ереже бұзушылық байқалған жоқ, қозғалыс қалыпты, — деді Асылбек Дүйсебаев.

Еске салсақ, 16 мамырда Президент Astana LRT жұмысын іске қосты.

LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде Президентке 001 сериялы карта берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын одан ары жалғастыруды тапсырды.

LRT жүйесінде жолаушылар тарапынан қауіпсіздік ережелерін бұзу жағдайлары тіркелгені белгілі болды.