13:17, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
«Луч-5В» және «ҚазСат-3» аппараттарымен «Протон-М» зымыраны Байқоңырдан ұшырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу уақыты бойынша 8:25-те Байқоңыр ғарыш айлағы ұшыру кешенінің 81 алаңынан Ресейдің «Луч-5В» ретрансляторы мен қазақстандық «ҚазСат-3»-пен «Протон-М» зымыран-тасығышы іске қосылды, деп хабарлайды «Роскосмос».
Ғарыш аппараттарын одан ары орбитаға шығару үдеткіш «Бриз-М» блогының қозғалтқыш қондырғысының есебінен жүргізіледі.
«Луч-5В» ғарыш аппаратының бөлінуінің есептелген уақыты: 17:17 мск, «ҚазСат-3» ҒА - 17:57. «ҚазСат-3» телекоммуникациялық ғарыш аппараты Қазақстан мен оған шекаралас мемлекеттер аумағында Интернетке жоғары жылдамдықпен қосылу және телехабарларды тарату мен байланыс қызметін көрсетуге арналған. Жер серігі «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-мен келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының байланыс және таратудың ұлттық ғарыш жүйесін құру жобасының аясында дайындалды.