Лучано Спалеттидің қамқоршылары жолдаманы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне беріп, күресті Еуропа лигасында жалғастырады
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - «Зенитпен» қарымта кездесуінде "Осер" ойыншылары Седрик Ангбар мен Иренеуш Елен соққан доп питерліктерді УЕФА-ның Чемпиондар лигасындағы топтық кезең жолдамасынан айырды, деп хабарлайды UEFA.com.
"Зениттің" тәлімгері Лучано Спалетти көк - ақшыл - көгілдірлер өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жеткеннен кейін ойынға осыдан бір апта бұрынғыдан анағұрлым сақ, тәжірибелі құрамды шығарды. Данко Лазович қосалқы ойыншылар орындығына аттандырылғаннан кейін Александр Кержаковке дара форвардтың рөлі сеніп тапсырылды. Оның орнына оң жақ қапталға осыдан бір ай бұрын иығын жаралап алған, ұшқырлығымен танымал Владимир Быстров оралды. Француздар алғашқы кездесуге қарағанда негізгі құрамда тек бір адамды ауыстырумен ғана шектелді. Атап айтқанда, Валтер Бирстың орнын келесі бір шабуылдаушы Рой Конте басты.