Lufgansa әуе компаниясының жаңа А380 ұшағы жолаушылар тасымалдауға кіріседі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Lufgansa қызметкерлерінің айтуынша, қысқы уақытта жазға қарағанда жолаушылар легі саябырсиды, дегенімен жағдайды жіті бақылау Lufgansaның Қазақстан нарығындағы даму мүмкіндігін көрсетіп отыр. Жолаушылар Lufgansaның бас әуежайына күнделікті ұша алады және одан компанияның дүниежүзілік бағыт желісі бойынша 81 елдегі кез-келген 204 бөлімшесіне ұшып баруға мүмкіндігі бар.
"Осы жазда Қазақстан Lufgansa жұмысында үздік нарықтық көрсеткіш байқатты. Алматы мен Астана жолаушыларына бұрынғыға қарағанда жақсы қызмет көрсетіледі. Қазір жолаушыларға еуропалық басқа ірі әуежайларына қарағанда Франкфурттың әуе кеңістігін пайдалану тиімділігі туып отыр», дейді Lufgansaның Еуропадағы қызмет көрсету және саудалау вице-президенті Карстен Бенц.
Аталмыш әуе компанияның Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы Бас менеджері Габор Хорваттың айтуынша, Lufgansa Қазақстанда соңғы айдағыдай көп жолаушыны бұрын тасымалдап көрмеген, ұшақ толығымен толмаса да жолаушылар 80 пайызды құраған. «Біздің А380 ұшағының жиі қатынауы Африка мен Америка сияқты ірі желі бағытындағы жолаушыларды Қазақстанға саяхаттауға назар аудартуда», дейді Г.Хорват.
Еліміздің жолаушылары Алматыдан - Франкфуртқа сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері қатынаса, Алматы - Астана - Франкфурт бағыты бойынша аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері ұшады.