Lufthansa әуе компаниясының ұшқыштары жұмысқа шығудан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда жалақысына көңілдері толмайтын ұшқыштар тағы да көтерілді. Lufthansa әуе компаниясының қызметкерлері бірауыздан жұмысқа шығудан бас тартқан. Нәтижесінде екі күннің ішінде бұл елде екі мыңға тарта рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды 24 kz.
Lufthansa әуе компаниясының жолаушылары екі апта бойы қалаған бағыттарына ұша алмай отыр. Екі күннің ішінде Германияда шарасыз қалған 180 мың адам өзге компаниялардың қызметіне жүгініп немесе поезға билет алуға мәжбүр.
«Бүгін біз тағы да көптеген рейсті шегеруге мәжбүрміз. Енді арнайы тәртіптегі жоспар бойынша жұмыс істеуіміз керек. Қазір біз жолаушыларды үйінен әуежайға келмес бұрын рейстер уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама таратып жатырмыз. Ал өз кезегінде ұшқыштар өз құқын соңына дейін қорғауға бел шешіп кіріскен. Олар соңғы төрт жыл бойы алған жалақыларына 3,7% көтерме ақша талап етіп отыр. Айталық қазір Германияда тәжірибелі ұшқыштар жылына 250 мың еуро табыс табады»,-дейді Lufthansa әуе компаниясының өкілі Мартин Лютке.
«Менің ойымша, бұл түйіткілді шешетін уақыт жетті. Біз ұзақ күрестік. Ал екі жақтың тартысынан қарапайым жолаушылар жапа шегеді ғой. Алайда, біз бұл мәселе шешілмейінше Lufthansa-ға қысым көрсетуді жалғастыра береміз. Еуропадағы ірі әуекомпания қазірдің өзінде қомақты шығынға батты. Lufthansa-ның өзге де қызметкерлері жіпсіз байланып отыр. Жұмысынан айырылуды қаламайтын компанияның өкілдері енді ұшқыштардың өзіне қарсы наразылыққа шығуға дайын»,-дейді компанияның кәсіподақ өкілі Винфрид Штрайхер,