Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Lufthansa ереуіл салдарынан 900 рейсін кейінге қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Lufthansa әуекомпаниясының басшылығы ұшқыштардың ереуілі салдарынан 24 қарашадағы үш мың рейстің 912-ін тоқтатты. Кестенің өзгеруі 115 мың жолаушыны жолдан қалдырды, деп хабарлайды interfax.ru.

Lufthansa ереуіл салдарынан 900 рейсін кейінге қалдырды

Кәcіподақ өкілдерінің хабарлауынша, ереуіл 25 қарашада да жалғасады, өйткені ертең жақын қашықтыққа ұшатын пилоттар жұмысқа шығудан бас тартып отыр.

Еске сала кетсек, 23 қарашада Lufthansa 800-ден астам рейсін орындаған жоқ.

Ереуілшілер соңғы бес жылда жалақылары өспегеніне наразы, осыған байланысты кәсіподақ айлықты 20 пайызға өсіруді талап етіп отыр.