Lufthansa-ның қызметкерлері ереуілге шығып, 600-ге жуық рейс кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның ірі авиатасымалдаушысы Lufthansa бейсенбі, 27 наурызға жоспарланған 600-ге жуық рейсті кейінге шегерді. Бұған әуежай қызметкерлерінің ереуілі себеп болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап РБК.

Lufthansa-ның қызметкерлері ереуілге шығып, 600-ге жуық рейс кейінге шегерілді

Ереуілге Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Кельн, Бонн, Дюссельдорф, Гамбург, Ганновер және Штутгарт әуежайларының жердегі қызмет мамандары қатыспақ. Verdi неміс кәсіподағы жүктерді дайындау және жолаушыларды бақылау қызметі қызметкерлерін сағат 03:30-дан 14:30-ға дейін жұмысқа шықпауға шақырды.

Кәсіподақ басшылықтан жалақыны 100 еуроға көбейтіп, оның үстіне 3,5 пайыз қосуды талап етуде.

Lufthansa рейстерін тоқтату, компания көрсеткендейі бірінші кезекте, германияішілік және еуропалық ұшуларға әсер етпек.