Lufthansa Таяу Шығыс астаналарына рейстерді тоқтату мерзімін 31 қаңтарға дейін ұзартты
АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Lufthansa әуе компаниясы Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан соғысына байланысты Тель-Авив пен Тегеранға және одан шығатын рейстерді тоқтату мерзімін 31 қаңтарға дейін ұзартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Әуе компаниясы сонымен қатар 2025 жылдың 28 ақпанына дейін Бейрут қаласына рейстерді тоқтатты.
— Шешім жергілікті және халықаралық билік органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқан аймақтағы қауіпсіздікті бағалау негізінде қабылданды, — деп мәлімдеді Lufthansa.
Ұшуды тоқтату құрамына Lufthansa әуе компаниясының құрамына кіретін Swiss, Brussels Airlines, Austrian Airlines және Eurowings тасымалдаушылары да ұшуды тоқтатқанын айта кеткен жөн.
— Ұша алмай қалған жолаушылар кейінірек билетке тегін тапсырыс бере алады немесе балама түрде оларға билет құнының толық сомасы қайтарылады, — делінген әуе компаниясының мәлімдемесінде.
Еске сала кетсек, бұған дейін Lufthansa Group Тель-Авивке рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты.