Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Lufthansa ұшқыштары ереуілді жалғастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда Lufthansa компаниясының ұшқыштары бірнеше күннен бері жұмысқа шыққан жоқ. Наразылық акциясының салдарынан осы аптада 2755 рейс тоқтап, 345 мыңға жуық жолаушы жолынан қалды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Lufthansa ұшқыштары ереуілді жалғастырды

Ал ереуілшілер 5 мыңнан астам ұшқыштың жалақысын көтеруді талап етіп, өздерінің Нидерланд пен швейцариялық әріптестерінен төмен ақы алатынына наразылық білдірді. Бастапқыда бір күндік ереуілге шыққандар келісімге келе алмағаннан кейін ереуілді одан әрі жалғастырды.

«Ереуіл компанияға қаржылай шығын келтіріп жатыр. Ереуілдің мақсаты да осы. Компания басшылығын қыспаққа алу. Әрине, одан көптеген жолаушы зардап шегеді. Біз бұл мәселе дұрыс шешімін тауып, қазіргідей кері салдары болмауын қалаймыз. Бірақ мәмілеге келе білу керек», - дейді Ұшқыштар кәсіподағының өкілі Йорг Хандверг.