Lufthansa жолаушысы әуеде ұшақ есігін ашпақ болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхеннен Ванкуверге бағыт алған Lufthansa әуекомпаниясының ұшағы есікті ашып жібермек болған жолаушы кесірінен шұғыл түрде Гамбургке қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Lufthansa жолаушысы әуеде ұшақ есігін ашпақ болған

CBC News агенттігі хабарлауынша, ұшақ жолаушысы айқайға басып, темекісін тұтатуға әрекеттенген. Ал Гамбург әуежайында бұзақыны полиция ұстап әкетті.