Луганск облыстық мемлекеттік әкімшілігінің Төрағасы Қазақстанға алғысын білдіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбековтың Луганск облыстық мемлекеттік әкімшілігінің Төрағасы Геннадий Москальмен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Луганск облыстық мемлекеттік әкімшілігінің Төрағасы Қазақстанға алғысын білдіруде

Кездесу барысында Луганск облысы мен Қазақстан Республикасы аймақтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Г. Москаль Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа және Қазақстан халқына көрсетілген гуманитарлық көмек үшін шын алғысын білдірді. Ол азық-түлік түріндегі гуманитарлық көмектің маңыздылығы мен дер кезділігін атап өтіп, аталған гуманитарлық көмек Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары арасында бөлінетіндігіне сендірді.