Луи ван Гал «Манчестер Юнайтед» бас бапкері қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері Луи ван Гал қызметінен босатылды.
None
None

64 жастағы голландиялықтың келісімшартының мерзімі үш жыл болған. Англия чемпионатының бұл маусымында "Манчестер Юнайтед" футболшылары бесінші орынға ие болып, чемпиондар лигасына жолдама алды.

Би-би-си анықтағандай, өткен аптаның соңында "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері қызметі португалиялық Жозе Моуриньюге ұсынылды.

Моуринью "Манчестер Юнайтедке" көшу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы сыбыс қаңтар айында тараған. Алайда клубта бұл ақпаратты растамады.

Ван Гал "Манчестер Юнайтед" басшылығымен келісімшартты бұзу талаптарын талқылап жатыр. Ол "Юнайтедте" жылына шамамен 6,4 млн фунт пайда тапты деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар