Луизиана штатында төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Луизиана штатында «Ида» дауылының жақындауына байланысты төтенше жағдай жарияланды,

Луизиана штатында төтенше жағдай жарияланды

  деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Қарашаның 8-інде штат губернаторы Бобби Джиндел тиісті өкім  берген.

Төтенше жағдай режимін енгізу туралы жариялай отырып, Джиндел әңгіме алдын -ала сақтық іс-шаралары жөнінде болып отырғанын атап айтты. Луизиана губернаторы Ұлттық  ұлан бөлімшелері жақындап келе жатқан дауылға байланысты жоғары даярлық жағдайына келтірілгенін мәлім еткен.

Қарашаның 8-індегі жағдай бойынша дауылға бес балдық Саффир-Симпсон бағамы бойынша екінші санат берілген.