Луизианада 160 жеке түрме бар

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың оңтүстік штаты саналатын Луизиана әлем бойынша түрмелердің астанасы болып есеп­теледі.
None
None

Луизиананың әрбір 16-тұрғыны (әйелдерді қоса алғанда) түрмеде жазасын өтеп жатыр, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Жалпы, Луизиана түрмелерінде 40 мыңдай адам жазасын өтейді. Қылмыс жөнінен алда тұрған бұл штатта 160 жеке түрме бар. Жеке түрмелердің табы­сы 200 млн доллардан асады екен. Әрбір жазасын өтеуші түрме ұйымдастырушысына күніне 24.39 доллар табыс әкеледі. Жалпы тұтқындар саны бойынша Техас (172 мың ) және Калифорния (149 мың) түрмелері алда келеді.

Соңғы жаңалықтар