Лукашенко: Беларусь Қазақстандағы өзгерістер тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Қазақстандағы мемлекеттік өзгерістер тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлады БЕЛТА.
None
None

- Сіздердің жоғары билік органдарының, әсіресе, президент қызметінің тәжірибесін (әсіресе соңғы айлардағы) бақылап, талдап, зерделеуге тырысамын. Бізге бұл тәжірибе пайдалы, - деді Александр Лукашенко. - Біз шынымен де сіздердің тәжірибелеріңізді зер салып, ден қойып зерделеудеміз. Бұл қабылдаған шаралар мемлекеттеріңіздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін сақтауда Қазақстан үшін аса маңызды қадам деп ойлаймын».

 «Нақты экономикалық қадамдарды міндетті бекіте түсетін мемлекеттік құрылыс, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша реформалар жасап жатырсыздар. Бұл өте маңызды. Бұл басқаларға жақсы үлгі бола алады», - деп атап өтті Беларусь көшбасшысы. Конституцияға өзгерістер енгізу, Президент өкілеттіктерін, мысалы Үкіметке беру кей республикаларда адамдардың наразылығын тудырып жатады.

 «Халыққа мұның бәрі не үшін жасалғанын түсіндірсе, перспективаға нақты фактілер мен міндеттер бекітсең - бұл мүлдем басқа мәселе. Міне, осы соңғысы сіздер жайында. Жарайсыздар, дегім келеді. Осындай күрделі кезеңде ел бірлігін сақтап келесіздер», - деді Лукашенко. Ол сондай-ақ таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өзара қатынастар мәселесін талқылағанын атап өтті. «Егер барлығы ойдағыдай реттелсе, біз ШЫҰ-да, ЭКСПО-да кездесеміз», - деді Лукашенко.

Соңғы жаңалықтар