Лукашенко: Беларусь Ресеймен бірыңғай валютаның енгізілуіне қарсы емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасы Ресеймен одақтас мемлекет ретінде бірыңғай валютаның енгізілуіне қарсы емес, алайда эмиссиялық орталық құру мәселесінде тең құқылы болуды қалайды, деп мәлім етті Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

Лукашенко: Беларусь Ресеймен бірыңғай валютаның енгізілуіне қарсы емес

А. Лукашенконың атап өтуінше, оның түсінігіндегі тең құқылық - барлық мәселелердің екі елдің мүдделерін ескере отырып шешілуі. «Эмиссиялық орталық тәуелсіз болуы керек», - деп атап өтті А.Лукашенко. Айта кетейік, Беларусь пен Ресей одақтас мемлекет құру туралы келісімшартқа 1999 жылы қол қойылды. Одақ жобасында бірыңғай саяси, экономикалық, әскери, кедендік, валюталық және заңды кеңістіктің болуы қарастырылған.