Лукашенко халықтың 79,67 пайыз дауысына ие болды

МИНСК. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Бюллетендердің 99 пайызын есептеу қорытындысы бойынша Александр Лукашенко халықтың 79,67 пайыз дауысына ие болды, деп мәлім етті Республика сарайы ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында Сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі Орталық Комитеттің Төрағасы Лидия Ермошина.

Лукашенко халықтың 79,67 пайыз дауысына ие болды

Оның айтуынша, алдын ала мәліметтер елдегі барлық учаскелерден алынған. Шетелдегі учаскелердің мәліметтері алдағы уақытта келеді деп күтіліп отыр.

Халықтың сайлауға қатысуы 90,66 пайызды құрады (2006 жылы 92,9 пайыз болған), - деді Ермошина. А.Лукашенко үшін 5 122 866 адам дауыс берген.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, Андрей Санников 2,56 пайыз дауыс (164 мың), Ярослав Романчук - 1,97 пайыз (126 986), Григорий Костусев - 1,97 пайыз (126 645), Владимир Некляев - 1,77 пайыз (113 747), Алексей Михалевич - 1,2 пайыз (65 598), Виталий Рымашевский - 1,1 пайыз (70 433), Виктор Терещенко - 1,08 пайыз (69 653), Николай Статкевич - 1,04 пайыз (67 мың.), Дмитрий Усс - 0,48 пайыз (31 мың.) дауысқа ие болған.