Лукашенко: Қазақстан заманауи сын-қатерлерге сәтті жауап беріп, жаһандық үдерістерге белсенді қатысуда

АСТАНА. KAZINFORM – Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Беларусь халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Бұл туралы BELTA агенттігіне Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

беларусь
Фото: BELTA

«Бүгінде Астана заманауи сын-қатерлерге сәтті жауап беріп, Әділетті Қазақстан құру жолында ауқымды реформаларды жүзеге асыра отырып, жаһандық үдерістерге белсене қатысуда», - делінген құттықтауда.

«Біздің халықтарымыз арасындағы достық пен өзара құрмет дәстүрлері екі мемлекеттің стратегиялық серіктестігін үдемелі кеңейтуде маңызды рөл атқарып, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді тереңдетуге ықпал ететініне сенімдімін», - деді Лукашенко.

Беларусь Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, жоспарларының барлығын жүзеге асыру үшін күш пен қуат, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бірлік пен гүлдену тіледі