Лукашенко Киркоровтың кеудесіне орден тақты
АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Ресейдің эстрада жұлдызы Филипп Киркоровты Франциска Скорин орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды,
деп жазады «Комсомольская правда» газеті.
Басылымның атап өтуінше, әнші Беларусь-Ресей мәдени байланысын дамытуға және нығайтуға сіңірген зор еңбегі, сондай-ақ жоғары орындаушылық шеберлігі үшін аталған орденге лайық деп танылған.