Лукашенко лаңкестік әрекеттен зардап шеккендерге өзінің екі айлық жалақысын берді

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко өзінің екі айлық жалақысын қайырымдылық шотына аударды, деп хабарлайды РБК Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лукашенко лаңкестік әрекеттен зардап шеккендерге өзінің екі айлық жалақысын берді

Көмектің көлемі нақтыланбаған.

"Лукашенконың жалақысының көлемі туралы ресми деректер жоқ, сондықтан тек Беларусь президентіне үміткерлер ұсынуға міндетті табысы туралы декларациядан бұл туралы қорытынды жасауға болады. 2009 жылы Лукашенконың айлық табысы 2800 долларды құраған", - деп жазады Lenta.ru.