Лукашенко: мен зейнет жасын 3 жылға кезең-кезеңмен көтеруді құптаймын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко бүгін "Коммунарка" фабрикасы ұжымымен әңгімелескенде зейнет жасын 3 жылға кезең-кезеңмен көтеруді қолдайтынын айтты, деп хабарлады БЕЛТА.
"Бұл бағытта біртіндеп және ықтиятпен жылжуымыз керек деп ойлаймын, - деп атап өтті мемлекет басшысы. - Әр жылда зейнет жасына жарты жылдан қосып 3 жылға көтерген дұрыс деген пікірдемін. Осылайша біртіндеп алты-жеті жылдан кейін үш жылға ұлғайтамыз".
Александр Лукашенко 55 және 60 жастан зейнетке шығу тек Беларусь пен Ресейде ғана қалғанын айтты.
Ол мемлекеттің неліктен осындай шараға баруға мәжбүр екенін жеткізді. "Ел бойынша адамдардың жалақысы жоғары емес және ол өсіп те жатқан жоқ. Ал зейнетақы қоры жалақыдан қалыптасады", - деді Президент.