21:55, 30 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Лукашенко өзінің жаңажылдық арманын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Александр Лукашенко Жаңа жылда Беларусте айына орташа жалақы 500 доллар болса деген арманын жеткізді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Журналистер жұмада президентпен соғыс, еңбек ардагерлері, мүгедектерге арналған Николаевщинский интернат үйіне барған кезде мемлекет басшысынан жаңа 2017 жылғы арманы не екенін сұрады.
«Иә, мен «елдегі орташа жалақы 500 доллар болса» деп армандаймын деді. Бұл үлкен сыйлық болар еді. Солай болса деп армандаймын», - деп атап өтті Лукашенко.
Мемлекет басшысы бұл мақсатқа жету үшін жан-жақты, бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет деп атап өтті.