Лукашенко Ресейге Беларусьте АЭС салуға рұқсат берді

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресеймен АЭС салуға келісімшартқа отыруға келісімін берді. Бұл туралы ол Новогород облысының губернаторы Сергей Митинмен кездесуі кезінде мәлім етті, деп жазады «Взгляд» газеті.

Лукашенко Ресейге Беларусьте АЭС салуға рұқсат берді

«Мен тек бүгін Ресей Федерациясымен бізде алғаш рет Атом электр стансасын салу жөніндегі келісімшартқа қол қойып, келісімімді бердім», - деді Лукашенко.

«Бұл шешім Беларуське өте қымбатқа түсер еді, сондықтан біз жан жақтан қаншама қысым болғанына қарамастан, ресейлік басшылыққа сөздерінде тұрып, қол ұшын созғандары үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап көрсетті Беларусь президенті.