«Лукойл» ААҚ президенті: Қазақстанның посткеңестік кезеңді әлеуметтік шиеленіссіз өткізген жалғыз ел атануы - Н.Назарбаевтың еңбегі
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның посткеңестік кезеңнен әлеуметтік шиеленіссіз өткен жалғыз ел ретінде танылуы - ұлы саясаткер ретінде Н. Назарбаевтың еңбегі», деді Мәскеуде «ЖАСАМПАЗ. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» («СОЗИДАТЕЛЬ. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России») атты жаңа кітаптың таныстырылуында сөйлеген сөзінде «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперов.
«Президент Нұрсұлтан Әбішұлы - өз елін, өз халқын, ең бастысы өмірді сүйетін дана басшы, елінің патриоты», - деп атап өтті В. Алекперов.
В. Алекперовтың айтуынша, Н. Назарбаевтың адамның әлсіздігін қабылдамаған, түсінбеген кезі болған емес және бұдан қандай да бір тұжырым да шығарған жоқ.
Ол Қазақстанда жоғары лауазымды қызмет атқарған көптеген тұлғалар, мамандар өзге жұмыстарға ауысып, кейіннен бастапқы орындарына қайта келіп жатқанын атап өтті.
Бұл, ешқандай әлеуметтік шиеленіс болмаған елді құруға мүмкіндік туғызған бірегей басшының мектебі болды», - деді «Лукойл басшысы». - Қазақстан - посткеңестік кезеңнен әлеуметтік шиеленіссіз өткен жалғыз ел. Бұған ұлы саясаткердің қажырлы еңбегінің ақасында қол жеткізілді».
Сөз соңында «Лукойл» басшысы Нұрстұлтан Әбішұлына денсаулық, Қазақстан халқының гүлдене беруін тіледі.