ЛУКОЙЛ Колумбияда және Қазақстанда Total-мен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Ресейдің аса ірі жеке мұнай компаниясы «ЛУКОЙЛ» ААҚ Колумбияда және Қазақстанда француздық Total-мен бірлескен жобаны іске асыруға мүдделілік танытып отыр,
None
None

деп мәлімдеді журналистерге жексенбі күні ресейлік компанияның басшысы Вагит Алекперов.

«Біздер Total-дің жұмысына қызығушылық танытудамыз, біздер Колумбияда блоктар бойынша көрші болып табыламыз, қазір ақпарат алмасу немесе блоктар бойынша күш біріктіру үшін келіссөздер жүргізілуде», - деді ол.

Алекперов сонымен қатар, компанияның Әзірбайжандағы Шах-Дениз кен орнын игеруде әріптес болып табылатынын атады. Оның айтуынша, қатысушысы ЛУКОЙЛ болып табылатын Хвалын кен орнының қазақстандық бөлігіне Total да қызығушылық танытуда. Алайда осы жобадағы өз үлесін сатуға ЛУКОЙЛ ниет танытып отырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар