19:09, 14 Қазан 2025 | GMT +5
«Лукойл» компаниясының бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды
АСТАНА. KAZINFORM — «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.


Айта кетелік Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдаған еді. Сонымен қатар Президент «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты.