«ЛУКОЙЛ Оверсиз» компаниясының қазақстандық филиалына жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - «ЛУКОЙЛ Оверсиз» компаниясының қазақстандық филиалына жаңа басшы тағайындалды.
Жаңа директор Андрей Кириллов компанияның Ирактағы жобасының жетекшісі болып тағайындалған Ескендір Насыровтың орнына келді, деп хабарлады мұнай компаниясының баспасөз қызметінен.
«ЛУКОЙЛ Оверсиз» компаниясының Қазақстандағы филиалының директорлығына тағайындалғанға дейін, Андрей Кириллов «ЛУКОЙЛ Оверсиз» компаниясының Активтер және жобалар дирекциясын басқарған (Мәскеу).