«Лукойл» вице-президентінің ұлы Мәскеудегі машиналар жарысы үшін кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Лукойл»компаниясы аға вице-президентінің ұлы Руслан Шамсуаров Мәскеуде басқа көліктермен жарысып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кешірім сұрады.
None
None

Шамсуаров енді мұндай оқиға қайталанбайтынына уәде берді. Бұл туралы ол Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жазды.

Шамсуаров және тағы бірнеше адам Мәскеуде машина жарысын ұйымдастырып, жол- қозғалысы ережелерін бұзды.

«Осындай оқиғаның қатысушысы болғаныма қатты өкінемін. Біз өзімізді лайықсыз ұстадық. Сондықтан МАИ қызметкерлері, жол қозғалысының барлық қатысушылары, мәскеуліктер және отбасымның алдында өзім және достарым үшін кешірім сұраймын», - деп жазды Шамсуаров.

Айта кетсек, «Лукойл» компаниясы басшысы орынбасарының 20 жастағы ұлы Руслан Шамсуаров Mercedes Gelandewagen көлігімен жол қозғалысы ережелерін бұзған, жарыс ұйымдастырған, сондай-ақ ЖПҚ алты экипажынан қашқан.

Соңғы жаңалықтар