Лувр мұражайының БАӘ-де ашылатын күні белгілі болды
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 2 желтоқсанында Әбу-Дабиде Лувр мұражайы ашылады, деп мәлімдеді Францияның мәдениет министрі Орели Филиппетти Бірлескен Араб Әмірліктеріне сапары кезінде, деп жазады The Art Newspaper.
БАӘ астанасында 19 қарашада өткен Abu Dhabi Art көрмесінің ашылу салтанатында Филиппеттимен бірге Франция музейлерінің басшылары, соның ішінде Лувр басшысы Жан-Люк Мартинес те болды.
Жан-Люк Мартинес қазіргі уақытта Париж мұражайы Әбу-Дабидегі Лувр үшін 300 экспонатты іріктеп жатқанын хабарлады.
Жоба шеңберінде БАӘ Лувр, Помпиду орталығы, Орсе және Версаль мұражайының экспонаттарын қоятын өз мұражайының атауында «Лувр» сөзін отыз жыл бойы қолдану құқығын алды.