Лувр Жан Малуэльдің картинасын 8 миллион еуроға сатып алды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - 12 жылғы сараптамалардан және келіссөздерден кейін француздың Лувр көркемсурет мұражайы француз кескіндемесінің бірегей туындысын 7,8 миллион еуроға сатып алды, деп хабарлады Ростбалт.

Лувр Жан Малуэльдің картинасын 8 миллион еуроға сатып алды

«Крестен түсірілгеннен кейін Христосты Әулие Иоанның ұстап тұрған кезі» деп аталатын 1400 жылғы картина Бургунд мектебінің ірі шеберлерінің бірі - Жан Малуэльдің туындысы.

«Мұражай үшін бұл соңғы 50 жылда сатып алынған бірегей кескіндеменің маңызды жәдігері», - деп мәлімдеді Лувр кескіндеме департаментінің басшысы Венсан Помаред.