Луврда «Мона Лиза» туындысына қастандық жасалды
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Reuters агенттігінің хабарлауынша, француз азаматтығын бермегеніне ашуланған ресейлік азаматша Луврдағы «Мона Лиза» картинасына бос керамикалық ыдыс лақтырған.
Атақты туынды ешқандай зардап шекпеген, себебі лақтырылған ыдыс шыныдан жасалған қорғанға соғылған. Оқиға тамыздың 2-сінде болған екен, бірақ ол жайт кеше ғана жария болып отыр.
Оқиғадан кейін тұтқынға алынған ресейлік азаматшаны сот күтіп тұр.